Ақтауда ысталған балықтан уланған отбасы жансақтау бөлімінде жатыр
Жарияланған күні:

Ақтауда ысталған балықтан уланған отбасы жансақтау бөлімінде жатыр Ақтауда ысталған балықтан уланған отбасы ауруханаға түсті. Бір үйдің төрт адамы осы өнімді жеген соң жүрегі айнып, шетінен құса бастаған. Қазір үш ересек пен бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Дәрігерлер науқастардың ағзасынан ботулизмге тән белгілерді тапқан — әлсіздік, бас айналу, жұтына алмау, көру нашарлау, тамағы құрғау, көзі бұлдырау, естен тану. Ақ халаттылар олардың жағдайы ауыр, дейді. Барлығы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Науқастарға ботулизмге қарсы сарысу салынды.
"17 қыркүйекте тамақ жеген, 18і-і күні ауыра бастайды, бірақ медициналық көмекке 19 күні жүгінеді. Соның нәтижесінде барлығы ботулизмнің ауыр түрімен ауырып, жасанды тыныс алу аппаратына қосуға мәжбүр болдық. Қазір қатаң жағдайда, жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.
Науқастардың клиникалық жағдайына байланысты барлық симптомптикалық ем және ағзасына дезинтоксикация жүргізіліп жатыр", - деп пікір білдірді Маңғыстау облысы көпбейінді ауруханасының эпидемиолог дәрігері Марал Қадыр.
Дереккөз: КТК телеарнасы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2430825-aqtauda-ystalgan-balyqtan-ulangan-otbasy-zhansaqtau-boliminde-zhatyr/
