jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Еліміздің мектептерінде 2-4 сынып оқушыларын аралық бағалау мерзімі белгілі болды

мектеп оқушысы
Оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан мектептерінде 2-4 сынып оқушыларын аралық бағалау өтеді – Оқу-ағарту министрлігі оның қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2-4 сынып оқушыларын аралық бағалаудың бірінші кезеңі 23-30 қыркүйек аралығында өтеді.

Министрлік мәліметінше, 2026-2027 оқу жылында 2-4-сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі. Бағалаудың бұл екі түрі бір-бірін толықтырады және оқу процесі барысында қатар қолданылады.

Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша жүргізіледі. Бағалау форматы пәнге байланысты:

  • қазақ тілі немесе орыс тілі – диктант және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар. Оқушының мәтінді сауатты жазуы және оның мазмұнын түсінуі бағаланады;
  • әдебиеттік оқу – шығарма немесе мазмұндама және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар. Мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау және өз ойын жүйелі жеткізу ескеріледі;
  • математика – бақылау жұмысы. Есептеу дағдыларымен қатар, есептің шартын түсіну, шешу жолын дұрыс таңдау және жауабын негіздей алу бағаланады.

Бір аралық бағалау жұмысының ұзақтығы – 40 минут. Ең жоғары балл: 2-сыныпта – 12, 3-сыныпта – 14, 4-сыныпта – 16 балл.

️Формативтік бағалау тоқсан бойы жалғасады. Педагог әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалап, тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарының кемінде 50 пайызын қамтуға тиіс. Нәтиже 1-10 балдық шәкіл бойынша бағаланады.

Каллиграфия арнайы бағалау мақсаты болмаса, оқушының жазу ерекшелігі балды төмендетуге негіз болмайды.

1-сыныпта балдық бағалау жүргізілмейді.

Бағалаудың негізгі мақсаты – оқушыға тек баға қою емес, оның оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтау, ілгерілеуін бақылау және әрі қарай дамуына бағыт беру.

Еліміздің мектептерінде 2-4 сынып оқушыларын аралық бағалау мерзімі белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram