jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жол ережесін 20 мыңнан астам бұзу фактісі анықталды: ІІМ жүргізушілер әуеден бақыланатынын еске салды

Дрон
Дрон. Видеодан кадр: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға дрондардың көмегімен жолдарда қандай ереже бұзу деректері анықталатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында полиция заманауи технологияларды күнделікті қызметіне енгізу арқылы заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жатқанын мәлім етті.

Осындай құралдардың бірі – ұшқышсыз авиациялық жүйелер.

Бүгінде дрондар полиция қызметкерлеріне жолдағы жағдайды бақылауға, құқық бұзушылықтарды анықтауға және ақпаратты әуеден жедел алуға көмектеседі.

Заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттары камералармен жабдықталған, автоматтандырылған әрекеттерді орындай алады және бейнежазбаны нақты уақыт режимінде бере алады. ІІМ мәліметінше, бұл технологиялар іс жүзінде өз нәтижесін көрсетіп отыр.

Атап айтқанда, 2026 жылдың сегіз айында дрондардың көмегімен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды. Оның ішінде:

  • қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзудың 3 198 фактісі;
  • көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 2 055 фактісі;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығудың 1 678 фактісі;
  • сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағидаларын бұзудың 1 481 фактісі;
  • маневр жасау қағидаларын бұзудың 1 207 фактісі;
  • басып озу қағидаларын бұзудың 771 фактісі;
  • мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарудың 87 фактісі.
  • Тағы 9 мыңнан астам дерек жол қозғалысы ережелерінің өзге де бұзушылықтарына қатысты.

Жол ережесін 20 мыңнан астам бұзу фактісі анықталды: ІІМ жүргізушілер әуеден бақыланатынын еске салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram