jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бектенов түн ішінде жұрттың мазасын алатын жүргізушілер туралы: Айыппұл салмай, қамауға алу керек

Көшеде тұрған мотоцикл.
Көшеде тұрған мотоцикл. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ішкі істер министрінен түнгі уақытта жұрттың мазасын алатын жүргізушілермен қалай күресіп жатқанын сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ержан Сапарбекұлы, қатты шуылдайтын мото және авто көлік мәселесін неше рет өзіңізбен бірге талқыладық. Оларға өте қатаң шаралар қабылдау қажет. Әйтпесе түннің ортасында адамдардың мазасын алып, ұйқы бермей жатыр. Осыған байланысты қандай шаралар атқарып жатсыздар?", - деді Олжас Бектенов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полиция мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын айтты. Сондай-ақ бейнебақылау камералары сияқты цифрлық шешімдер де көмектесіп жатыр. Азаматтар да 102 нөміріне хабарласып, мұндай фактілер туралы белсенді түрде хабарлайды.

Жыл басынан бері осындай 782 дерек тіркелген. Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 55 адам қамауға алынған. Құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдардың көліктері мен мотоциклдері айып тұрағына қойылады.

Министр бұл бағыттағы жұмыстардың күшейтілетінін атап өтті.

Премьер-министр мұндай құқық бұзушыларға "айыппұл салмай, оларды қамауға алу керек" деп мәлімдеді.

Бектенов түн ішінде жұрттың мазасын алатын жүргізушілер туралы: Айыппұл салмай, қамауға алу керек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram