jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

3-4 сағат бұрын: Қазақстанда жолдарды жабу ережесі өзгермек

көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда күн күрт бұзылмай тұрып жол қозғалысына шектеу қойылады. Шектеу 3-4 сағат бұрын енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға ерекше назар аударылып отыр.

Үкімет ведомствоаралық іс-қимыл жоспарын бекіткен. Оның негізгі қағидасы – қауіп туындағаннан кейін әрекет ету емес, алдын алу.

Егер "Қазгидромет" күн күрт бұзылатынын ескертсе, көлік қозғалысына қолайсыз ауа райы басталғанға дейін 3-4 сағат бұрын шектеу қойылуы мүмкін.

"Бұл тұрғындарды алдын ала хабардар етіп, жүргізушілерге ауа райы күрт нашарлағанға дейін сапарын аяқтауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

"ҚазАвтоЖолдың" ақпараттық жүйелері Яндекс, 2ГИС және inDrive платформаларымен біріктірілген. Республикалық жол жабылған немесе ашылған жағдайда, ақпарат автоматты түрде жаңартылып, сервистер маршрут құру кезінде оны ескереді.

"1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Өтініштердің үлкен көлемін жедел өңдеу үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатыр. Жыл басынан бері 1 млн-нан астам өтініш өңделді", - делінген хабарламада.

3-4 сағат бұрын: Қазақстанда жолдарды жабу ережесі өзгермек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram