jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанада жеңіл көлік өзенге түсіп кетті (видео)

Өзенге түсіп кеткен көлік
Өзенге түсіп кеткен көлік. Видеодан кадр: Астана ТЖД

Астанада құтқарушылар Есіл өзеніне түсіп кеткен көлікті шығарды, деп хабарлайды елордалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астанадағы Сарайшық ауданында жеңіл көлік Есіл өзенінің арнасына түсіп кеткен. Оған көліктің электронды жүйесіндегі ақау себеп болған.

Жүргізуші мен жолаушы көліктен өз бетінше шығып үлгерген, ал көлікті судан шығару үшін көмек қажет болған.

"Оқиға орнына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келіп жетті. Сүңгуірлер судағы жағдайды зерделеп, кранның көмегімен жеңіл автокөлікті судан алып шықты", - делінген хабарламада.

Көлік иесі құтқарушыларға жедел әрі кәсіби көмегі үшін алғысын айтқан.

Астанада жеңіл көлік өзенге түсіп кетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram