jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Көктөбе келушілер үшін уақытша жабылады

Көктөбе
Көктөбе. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Көктөбе тұрғындар мен қала қонақтары үшін уақытша жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

25 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 17:00-ге дейін Көктөбе аумағы келушілер үшін толықтай жабық болады.

Осы уақыт аралығында:

  • аспалы жолдың жұмысы тоқтатылады;
  • автокөлік қозғалысына шектеу қойылады;
  • жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге болмайды.

"Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, аталған шектеуді ескеруін сұраймыз.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада.

Көктөбе келушілер үшін уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram