jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ-та 200 қазақстандық студент далада қалды: депутат бақылауды күшейтуді ұсынды

АҚШ-тағы қазақстандық студенттер
АҚШ-тағы қазақстандық студенттер. Видеодан кадр: instagram.com/freakerke

Құрылтай отырысында депутат Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа барып, далада қалған қазақстандықтарға қатысты жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутат Константин Петров Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа аттанып, далада қалған 200 қазақстандық студентке қатысты жағдай, сондай-ақ Ақтөбеде ондаған адамды алдап, жалған турларға несие рәсімдеген фирманың әрекеті туристік қызмет пен жастар алмасу бағдарламаларын реттеу саласындағы күрделі мәселелерді көрсетіп бергенін мәлімдеді.

"АҚШ-та жастар алмасу бағдарламалары (соның ішінде Summer Work Travel) BridgeUSA жүйесі арқылы федералды деңгейде қатаң регламенттелген. (...)

Еуропалық Одақта ұйымдастырушылар сапардың барлық кезеңі үшін, тіпті қызметті шетелдік субмердігерлер көрсетсе де, қатаң жауапкершілік арқалайды. ЕО заңнамасы міндетті кепілдіктер мен өтемақы қорларының болуын талап етеді", - деді депутат.

Бұл ретте Қазақстанда жастарды шетелге тағылымдамаға жіберетін делдалдардың қызметі тиісті деңгейде лицензияланбайды және бақыланбайды.

Осыған байланысты депутат мынадай ұсыныстар жасады:

  • Шетелдік тағылымдамалар мен алмасу бағдарламаларын ұйымдастыратын туристік және білім беру агенттіктеріне қойылатын талаптарды әзірлеп, енгізу, оларды мемлекеттік аккредиттеуден өтуге және ресми танылған шетелдік қабылдаушы құрылымдармен тікелей шарт жасасуға міндеттеу;
  • Азаматтар шарт жасамас бұрын компанияның заңдылығын тексере алатындай барлық аккредиттелген операторлардың ашық есебін қамтамасыз ету;
  • Халықаралық сапар ұйымдастырушыларды компаниялар банкротқа ұшыраған немесе шетелде алаяқтық әрекеттер жасалған жағдайда азаматтарды шұғыл эвакуациялау шығындарын жабуға кепілдік беретін мақсатты резервтік қорлар немесе сақтандыру өнімдерін қалыптастыруға міндеттеу.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ-қа ұйымдастырылған турмен барған шамамен 200 қазақстандық студент турды ұйымдастырған компанияның кесірінен шетелде қалып қойғанын айтқан болатын.

АҚШ-та 200 қазақстандық студент далада қалды: депутат бақылауды күшейтуді ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram