Almaty Marathon: жексенбіде қай көшелер жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы әкімдігі 27 қыркүйек, жексенбіде өтетін Almaty Marathon-ға байланысты қай көшелер жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Атап айтқанда, 27 қыркүйек сағат 06:00-ден 13:30-ға дейін марафон өтетін жол учаскелерінде қозғалыс ішінара шектеледі. Жолдар қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады.
Марафон Абай алаңынан бастау алады. Осыған байланысты Достық даңғылының Сәтпаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да қозғалыс 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 13:00-ге дейін жабылады. Абай даңғылының Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі 26 қыркүйек сағат 15:00-ден 27 қыркүйек сағат 15:00-ге дейін жабық болады.
Мәре – Республика алаңында. Сәтпаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағытта да қозғалыс 26 қыркүйек сағат 06:00-ден 28 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін шектеледі. Сондай-ақ Желтоқсан көшесінің Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі бөлігі 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жабық тұрады.
Абай даңғылының Момышұлы көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағыттағы қозғалыс сағат 06:00-ден 09:15-ке дейін жабылады. Баламалы жол ретінде әл-Фараби даңғылымен екі бағытта да жүруге болады.
Абай даңғылының Сейфуллин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде оңтүстік бағыттағы қозғалыс сағат 08:00-ден 10:35-ке дейін жабылады. Баламалы жол ретінде әл-Фараби даңғылымен екі бағытта да жүруге болады.
Сәтпаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да қозғалыс сағат 08:40-тан 10:55-ке дейін шектеледі. Баламалы жол ретінде Төле би көшесі мен әл-Фараби даңғылын пайдалануға болады.
Бөгенбай батыр көшесінің Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейінгі бөлігі сағат 08:35-тен 11:15-ке дейін толығымен жабылады. Автокөлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі.
Қабанбай батыр көшесінің Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейінгі бөлігі сағат 08:50-ден 12:00-ге дейін толығымен жабылады. Автокөлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі.
Шевченко көшесінің Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейінгі бөлігі сағат 09:05-тен 12:50-ге дейін жабылады. Баламалы жол ретінде әл-Фараби даңғылы мен Төле би көшесін пайдалануға болады.
Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі бөлігі сағат 08:30-дан 12:50-ге дейін жабылады.
Құрманғазы көшесінің Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейінгі бөлігі сағат 09:25-тен 13:30-ға дейін толығымен жабылады.
Наурызбай батыр көшесінің Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігі сағат 09:35-тен 13:30-ға дейін толығымен жабылады.
Абай даңғылының Сейфуллин даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі сағат 06:00-ден 13:30-ға дейін толығымен жабылады.
Жолдардың жабылу кестесі қатысушылардың маршрут бойынша жүру уақыты есепке алына отырып жасалды.
Жүргізушілерге Абай алаңына жету үшін келесі бағыттар ұсынылады:
- Достық даңғылымен солтүстік бағытта Сәтпаев көшесіне дейін.
- Достық даңғылымен оңтүстік бағытта Құрманғазы көшесіне дейін.
- Зенков көшесімен оңтүстік бағытта Құрманғазы көшесіне дейін, одан әрі – жаяу Абай алаңына дейін.
- Назарбаев даңғылымен солтүстік бағытта Абай даңғылына дейін, одан әрі – жаяу Абай алаңына дейін.
- Қонаев көшесімен Абай даңғылына дейін.
- Сондай-ақ метромен "Абай" станциясына дейін жетуге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2432130-almaty-marathon-zheksenbide-qai-kosheler-zhabylady/
