jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыдан Қытайдың аумағы жағынан ең ірі мегаполисіне тікелей әуе рейсі ашылды

Чунцин қаласы
Чунцин қаласы. Фото: Mr.Cole.Photographer/Getty Images

Бүгіннен бастап Алматыдан Қытайдың аумағы жағынан ең ірі мегаполисі – Чунцин қаласына тікелей әуе рейстері іске қосылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 23 қыркүйекте қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Алматы – Чунцин жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты. Рейстерді аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A320neo әуе кемелері орындайды.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - дейді ведомство өкілдері.

РБК дерегі бойынша, Чунцин – Қытайдың аумағы жағынан ең ірі мегаполисі. Чунцин халқының саны тұрақты түрде өсіп келеді. 2023 жылғы мәліметтерге сәйкес, муниципалитетте шамамен 32 млн адам тұрады. Статистика қалалық аудандарды да, ауылдық аумақтарды да қамтиды.

Қаланың тағы бір ерекшелігі – көп қабаттылығы. Қала таулы аймақта орналасқан, сондықтан кейде бір ғимараттың іргетасы екіншісінің шатырымен деңгейлес болуы мүмкін. Ал жол айрықтарында навигатормен де бағдар алу қиын. Чунцинде әлемдегі ең күрделі эстакадалардың бірі салынған – оның 5 деңгейі және 15 шығаберісі бар.

Алматыдан Қытайдың аумағы жағынан ең ірі мегаполисіне тікелей әуе рейсі ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram