jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы тауларына алғашқы қар түсті (видео)

Алматы тауларына алғашқы қар түсті
Алматы тауларына алғашқы қар түсті. Видеодан кадр: shymbulak.com/live

Алматы тауларына алғашқы қар түсті. Куәгерлер бұл сәттен кадрларды әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы тауларына алғашқы қар жауған сәттің видеосын Threads желісінде rzanur есімді қолданушы бөлісті.

"Шымбұлақтағы алғашқы қар", - делінген видео сипаттамасында.

Кадрлардан түнде жауған қардың айналаны ақ қырбықпен жапқанын және әлі де толастамай тұрғанын байқауға болады.

Посмотреть в Threads

Сонымен қатар "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортындағы камералардың тікелей трансляциясынан аспалы жолдың жоғарғы станциясы аймағына қар түскенін көруге болады.

Алматы тауларына алғашқы қар түсті
Алматы тауларына алғашқы қар түсті. Видеодан кадр: shymbulak.com/live

"Қазгидромет" сайтындағы мәліметке сүйенсек, бүгін, 25 қыркүйекте, Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі, осыған байланысты дауылдық ескерту жарияланған.

Алматы тауларына алғашқы қар түсті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram