jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда қазан мен қарашада күн райы қандай болады: экология министрі жауап берді

Күз мезгілі
Күз. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы күзгі ауа райына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, қазан мен қараша айларында Қазақстанның басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары болады.

Қазанда елдің көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жақын, елдің батысы мен солтүстік-батысында нормадан көп, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық облыстардың оңтүстігінде және Абай облысының жазық бөлігінде нормадан аз болады деп болжанып отыр.

Қарашада жауын-шашын Қазақстанның басым бөлігінде норма шегінде, Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының солтүстік бөліктерінде нормадан көп болады. 

Министр "Қазгидромет" болжамдарының дәлдігін арттыру үшін жыл басынан бері жасанды интеллект элементтері бар WRF цифрлық моделі қолданылып жатқанын атап өтті. 

"Бұл – ауа райын болжаудың сандық моделі, ол 2 және 6 шақырым кеңістіктікті қамти отырып, 48 сағатқа және 10 тәулікке дейін болжай алады. Аталған технологияларды қолдану агрометеорологиялық және гидрологиялық болжамдарды, сондай-ақ дауылды ескертулерді қоса алғанда, болжамдардың дәлдігін арттыруға және мемлекеттік органдарды, ұйымдарды және жалпы халықты уақтылы хабардар етуге мүмкіндік береді", - деді Әлібек Қуантыров

Қазақстанда қазан мен қарашада күн райы қандай болады: экология министрі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram