jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бектенов маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды

Көкөністер
Көкөністер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министр Олжас Бектенов маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерінің тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан өңірлерінде қысқы және көктемгі кезеңдерге көкөніс қоры дайындалады.

Үкімет қысқы және көктемгі кезеңдерге көкөніс қорын дайындау жұмыстарын күшейтеді.

"Қысқы және көктемгі кезеңдерге көкөніс, әсіресе картоп қорын дайындап алу басым бағыт болып қала береді. Егін орағы кезінде қажетті көлемдерді алдын ала келісімшарт арқылы уақтылы сатып алып, сақтауға қою керек.

Өңір әкімдіктері бұл мәселені бақылауда ұстап, маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерінің тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге тиіс.

Бұл ретте өнімнің артылған көлемін экспортқа бағыттау қажет. Сауда және Көлік министрліктері шаруаларға өнімді өткізу нарықтарын іздестіруге және сатуға жәрдемдесуге тиіс", - деді Олжас Бектенов.

Бектенов маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram