jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Фильм кадрлары "әскердегі жағдай" деп көрсетілген: желіде қайта тараған видеоға қатысты түсініктеме берілді

фильмнен үзінді
Фильмнен кадр: t.me/JAQortcomkz

Желіде Қазақстан армиясына қатысты делінген видео тарады. Осыған байланысты қазақстандықтарға ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, Threads желісінде "Қырғызфильм" киностудиясының "Баткен" көркем фильмінен үзінділер тарап жатыр, оны Қазақстан Қарулы күштеріне қатысты шынайы оқиға ретінде көрсетуде.

"Бұл ретте бейнематериалдарға эмоционалды сипаттағы пікірлер мен деструктивті үндеулер қосылып, пайдаланушыларды жаңылыстырып, әлеуметтік шиеленістің артуына ықпал етуі мүмкін",- делінген хабарламада.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы пайдаланушыларды осындай ақпараттық манипуляциялардың таралу құралына айналмауға шақырады.

"Жалған және көрінеу жалған ақпаратты тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске саламыз. Тексерілмеген ақпаратты таратпаңыз. Фактілерді тексеріп, қоғамдық пікірді манипуляциялауға жол бермеңіз", - деп ескертті орталық өкілдері.

Фильм кадрлары "әскердегі жағдай" деп көрсетілген: желіде қайта тараған видеоға қатысты түсініктеме берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram