jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан қызметінен кеткенін мәлімдеді

Диана Ерлан
Диана Ерлан. Фото: instagram.com/diana.yerlan

Диана Ерлан Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі қызметін аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен Алматы қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл ретіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым", - деп жазды Диана Ерлан.

Ол әріптестеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтып, бала құқықтары жөніндегі уәкіл болудың мәні туралы ойымен бөлісті.

"Уәкілдің жұмысы – бұл қоғамдық қызмет, ол қаржыландырылмайды, жалақы немесе іссапар шығындары қарастырылмаған. Мен үшін де, әріптестерім үшін де бұл қызмет – бар уақытымызды, күш-жігеріміз бен жанымызды арнайтын миссия, әр баланың әлемін жақсартуға бағытталған іс", - деп жазды Диана Ерлан.

Сондай-ақ ол жазбасында осы қызметте жүріп қол жеткізген жетістіктері туралы айтып өтті.

Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан қызметінен кеткенін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram