jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Астанада әйел егізінен айырылды: тексеріс басталды

Сәби
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада әйел егізінен айырылды. Туыстарының сөзінше, жүктіліктің алтыншы айында егіздің сыңары құрсақта шетінеген. Бірақ дәрігерлер әйелге жүктілікті жалғастыру туралы кеңес берген. Алайда арада бірнеше апта өткенде келіншектің денсаулығы күрт нашарлаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жақындарының айтуынша, жағдай одан әрі асқына түскен. Әйелдің денсаулығы сыр беріп, талдау нәтижесі нашарлай бастаған соң, оны перинатал орталыққа жеткізіпті. Бірақ мамандар шұғыл операция жасау туралы шешімді сағызша созған көрінеді.

Кейін 31-ші аптада дүниеге келген сәби дәрігерлердің бақылауында болғанымен, шамамен, бір тәуліктен кейін демі үзілген. Отбасы нәрестенің өлімін сепсиспен байланыстырады.

Бірақ әзірге мұны растайтын ресми медициналық қорытынды жарияланған жоқ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әйел қазір тиісті емін алып, дәрігерлердің бақылауында екенін мәлімдеді.

"Аталған жағдай бойынша жағдай бақылауда. Науқас босанған соң бөлімшеде қажетті емін алып, қазір медициналық бақылауда. Аталған жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті баға беріледі", - дейді Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Астанада әйел егізінен айырылды: тексеріс басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram