jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда қазанның алғашқы күндері жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде

жапырақтағы қар
Жапырақтағы қар. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 1-3 қазан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Республика аумағында жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологиялық қызметтің деректеріне сәйкес, 1-3 қазан күндері атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауады, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, жел күшейеді.

Ауа температурасы:

  • еліміздің батысында түнде -1...-6 градусқа дейін, күндіз +3...+8 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстік-батысында күндізгі уақытта +15...+25 градустан +5...+15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін;
  • солтүстікте, шығыста және орталықта температуралық фон негізінен +13...+23 градус;
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +20...+25 градус, таулы аймақтарда +10...+15 градус болады.
Қазақстанда қазанның алғашқы күндері жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram