jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

KAZ Minerals Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 25 млн теңге бөлді

KazMinerals
Көрнекі фото: gov.kz

KAZ Minerals Тобы Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 25 миллион теңге қаржылай көмек аударды, деп хабарлады компания өкілдері.

Қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қайырымдылық көмек жинау операторы ретінде белгіленген "Ұлттық рух" қоғамдық бірлестігі арқылы бағытталды.

"Біз қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз. Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға душар болған отбасыларға қолдау көрсету өте маңызды", — деді KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков.

Қаржылай көмек қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталып, оларға арналған мемлекеттік қолдау шараларын толықтыра түседі.

KAZ Minerals Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 25 млн теңге бөлді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram