jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыдағы Төле би көшесінде қозғалыс қайта шектеледі (схема)

жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: alexandrumagurean/Getty Images

Алматы тұрғындары мен қонақтарына Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелетіні ескертілді. Шектеулер түнгі уақытта қолданылады, деп хабарлайды Almaty Joly-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"Атап айтқанда, 30 қыркүйек және 1 қазан күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев көшесімен қиылыста көлік қозғалысы шектеледі.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Көлік қозғалысы шектелетін аумақ
Көлік қозғалысы шектелетін аумақ. Фото: t.me/AlmatyJoly

Алматыдағы Төле би көшесінде қозғалыс қайта шектеледі (схема)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram