jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы тұрғындары көлігін апта соңына дейін арнайы тұрақтан алып кетуі тиіс

Көлікті эвакуациялау
Көлікті эвакуациялау. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда арнайы тұраққа жеткізілген көліктерді эвакуациялау және сақтау ақылы болады. Жаңа тәртіп 4 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 4 қазаннан бастап көлік құралдарын коммуналдық арнайы тұрақтарға эвакуациялау және уақытша сақтау үшін төлемнің бірыңғай тәртібі қолданылады.

Төлем мөлшері 2026 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында бекітілген.

Эвакуация құны көліктің барлық санаты үшін 3 АЕК (12 975 теңге) болады. Жеңіл автокөлікті арнайы тұрақта сақтау құны алғашқы тәулікке 2,5 АЕК (10 812,5 теңге), кейінгі әр тәулікке 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде белгіленді.

"Көлік иелеріне құқық бұзушылықтарды жойып, автокөліктерін 3 қазанға дейін арнайы тұрақтан алып кету ұсынылады.

Айта кетейік, бұл өзгеріс барлық эвакуация жағдайына қатысты емес. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілген көлік құралдарына ғана қолданылады", - делінген хабарламада.

Алматы тұрғындары көлігін апта соңына дейін арнайы тұрақтан алып кетуі тиіс

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram