jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бұрқасын, көктайғақ, үсік: Қазақстанда қазанда ауа райы қандай болады

Үсік
Үсік. Иллюстрациялық фото: Фото: Creative Touch Imaging Ltd./NurPhoto via Getty Images

Синоптиктер Қазақстан бойынша қазан айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жалпы алғанда, болжам бойынша, қазан айы жылы және жауын-шашын мөлшері қалыпты болады.

Метеорологиялық қызметтің ақпаратына сәйкес, қазан айының алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы +15+25°С аралығында болады деп күтіледі.

Кейін Солтүстік циклонның әсерінен республиканың барлық аумағында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі. Жел күшейіп, оның екпіні 15-28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік жартысында бұрқасын болуы ықтимал.

Арктикалық ауа массаларының енуіне байланысты тұман, көктайғақ құбылыстары байқалып, үсік жүруі мүмкін. Ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, алайда бұл кезең ұзаққа созылмайды:

  • елдің батысында, солтүстік-батысында түнде -6...+5°С, күндіз +2...+11°С- қа дейін;
  • солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -1...-6°С, күндіз 0...+8°С- қа дейін;
  • республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде 0...+5°С, күндіз +10...+15°С, таулы аудандарда түнде -2...-10°С, күндіз +5...+10°С-қа дейін.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының келуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы +15+20°С-қа дейін, оңтүстік-батыста және оңтүстік жартысында +18+28°С-қа дейін жоғарылайды.

Қазан айының екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа температурасының құбылмалы болуы болжанады:

  • батыс және солтүстік-батыс өңірлерде түнде +5...+12°С-тан -5...+5°С-қа дейін, күндіз +18...+28°С-тан +10...+20°С-қа дейін;
  • елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +3...+8°С-тан -1...-8°С-қа дейін, күндіз +15...+23°С-тан +3...+13°С-қа дейін;
  • оңтүстік жартысында түнде +5...+10°С-тан -3...+5°С-қа дейін, күндіз +15...+23°С-тан +20...+30°С-қа дейін. Кейбір кезеңдерде ауа температурасы түнде -1...-6°С, күндіз +10...+15°С болады.

"Жалпы, қазан айында республиканың басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар және Абай облыстарының солтүстік-шығыс жартысында климаттық норма шамасында болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық нормаға жуық болады деп болжанады", - деді синопиктер.

Бұрқасын, көктайғақ, үсік: Қазақстанда қазанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram