jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астанада жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pxhere.com

Астана әкімдігі өкілдері елордада жылу қашан берілетінін айтты. Жылыту маусымы ертең, 2 қазанда басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігі мен "Астана-Теплотранзит" АҚ-ның Instagram-дағы желісіндегі бірлескен жазбада елордада жылыту маусымының басталуы туралы ақпаратты жариялады. Әкімдік жылыту маусымын 2 қазаннан бастау туралы қаулы қабылдаған.

Хабарламада елорда тұтынушыларына жылу энергиясын сенімді тасымалдау және тарату бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуге толық дайын екені айтылған.

​"Жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерінде гидравликалық сынақтар өткізіліп, анықталған ақаулар жойылды, жөндеу және жаңғырту жұмыстары толық жүргізілді", - дейді әкімдіктергілер.

Астанада жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram