jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қар, -5°С-қа дейін үсік": Қазақстанда синоптиктер ауа райы қолайсыз болатынын ескертті

Үсік
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер ертең, 2 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгеретінін хабарлады. Кей өңірде жжел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, ал кей облыстарда тұман, жаңбыр, таулы жерлерде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

"Қар, -5°С-қа дейін үсік": Қазақстанда синоптиктер ауа райы қолайсыз болатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram