Семейде робот-иттер полицейлерге ақпаратты жедел жеткізуге көмектеседі
Жарияланған күні:

Семейде қоғамдық тәртіпті күзетуге құлтемірлер тартылып жатыр. Жасанды интеллект және бейнекамерамен жабдықталған робот-иттер құқық бұзушылықтың алдын алып, полицейлерге ақпаратты жедел жеткізуге көмектеседі, деп хабарлайды "Жетінші арна".
Құрылғы саябақта отырған азаматқа жақындап, қоғамдық орында темекі шегуге болмайтынын ескертті. Ақылды жүйе қауіпті учаскелер мен ғимараттарды қашықтан тексеруге де мүмкіндік береді.
"Олар ықтимал қауіпті учаскелерді, ғимараттар мен аумақтарды қашықтан тексеруге, бақылау жүргізуге және бейнематреиалдарды нақты уақыт режимінде беруге мүмкіндік береді.
Бұл әсіресе полиция қызметкерінің оқиға орнына баруын, оның өміріне қауіп төндіру жағдайларына аса маңызды", - дейді облыстық ПД басқарма басшысы Елжас Смағұлов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2436913-semeide-robot-itter-politseilerge-aqparatty-zhedel-zhetkizuge-komektesedi/
