jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Ұстаздар күніне сыйлық": қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді

Сыйлық
Сыйлық. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Қазақстандықтарға Ұстаздар күні қарсаңында таралып жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, алаяқтар ұстаздарға арналған тиімді сыйлық ұсыныстары бар жалған сайттарға сілтемелер жіберуі мүмкін.

"Алаяқтар алдау үшін жасанды интеллект көмегімен іс жүзінде жоқ тауарлардың суреттерін жасайды, ал сатушының орнына сатып алушыға чат-бот жауап береді.

Мұндай сайттар шынайы дүкендерге ұқсас, бірақ төлем жасағаннан кейін сатып алушының ақшасыз да, сыйлықсыз да қалу тәуекелі бар", - деп ескертті құзырлы орган өкілдері.

Бас прокуратура алаяқтардан қорғанудың бірнеше жолын ұсынады:

  • күмәнді хабарламалардан келген сілтемелер бойынша өтпеу және нөмірлерге қоңырау шалмау;
  • парольдерді, PIN-кодтарды, банккарталарының CVV-кодтарын және SMS-тен келген растау кодтарын айтпау;
  • сайттың шынайылығына және сатушының сенімділігіне көз жеткізгенше дейін алдын ала төлем жасамау;
  • тапсырыстар туралы ақпаратты сатушының ресми сайты немесе қосымшасы арқылы тексеру, оларды өз бетіңізше ашып тексермеу.

"Егер сіз карта деректерін беріп қойсаңыз немесе күмәнді қаражаттың алынып кеткенін байқасаңыз, дереу банкпен байланысып, картаны бұғаттаңыз және болған жағдай туралы полицияға хабарлаңыз", - делінген хабарламада.

"Ұстаздар күніне сыйлық": қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram