jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

БҚО-да төл тарихты түгендеген үш кітаптың тұсауы кесілді

Төл тарихты түгендеген үш кітаптың тұсауы кесілді
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Хан ордасы ауылында үш кітаптың тұсауы кесілді. Тағылымды шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, еңбек ардагерлері, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты, деп хабарлайды БҚО әкімдігі.

Тұсаукесер рәсімінде академик Тұяқбай Рысбековтің "Нарын құмы – тарихтың шежіресі" кітабының екінші басылымы, Хан ордасы музей қорығы қызметкерлері жинақтаған "Архив құжаттарындағы Бөкей ордасының тарихы" еңбегі және Бөкей ордасы ауданы энциклопедиясының үшінші басылымы таныстырылды.

Төл тарихты түгендеген үш кітаптың тұсауы кесілді
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

"Нарын құмы – тарихтың шежіресі" еңбегінде Нарын өңірінің табиғаты, тарихы, елдік жолы, тарихи тұлғалары мен мәдени мұрасы кеңінен қамтылған.

Төл тарихты түгендеген үш кітаптың тұсауы кесілді
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ал архивтік жинаққа бұрын көпшілікке белгісіз болған тарихи құжаттар, ресми хаттар, деректер мен фотоматериалдар енгізілген.

Төл тарихты түгендеген үш кітаптың тұсауы кесілді
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бөкей ордасы ауданының энциклопедиясы тұңғыштар мекенінің өткені мен бүгіні, белгілі тұлғалары, тарихи орындары, мәдениеті мен әлеуметтік дамуы туралы жүйелі анықтамалық деректерді қамтиды.

Төл тарихты түгендеген үш кітаптың тұсауы кесілді
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты рәсімде жаңа басылымдардың тұсауы кесіліп, олардың тарихи танымды тереңдету, Бөкей ордасының бай мұрасын насихаттау және құнды деректерді келер ұрпаққа жеткізудегі маңызы аталып өтті.

БҚО-да төл тарихты түгендеген үш кітаптың тұсауы кесілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram