jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматының сумен жабдықтау жүйесі жеке қолға өте ме: ресми жауап

краннан ағып тұрған су
Краннан ағып тұрған су. Иллюстрациялық фото: pexels.com

"Алматы Су" МКК қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйесі басқа компанияның басқаруына берілуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы Су" Алматының су құбыры және кәріз шаруашылығын басқару басқа компанияға беріледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Алматы Су" ШЖҚ МКК – Алматы қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің операторы болып табылатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын. Қаланың су құбыры және кәріз шаруашылығын басқару функцияларын басқа компанияларға беру көзделмеген", - делінген хабарламада.

Мекеменің баспасөз қызметі Қазақстан заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Сонымен қатар мекеме әлеуметтік желі қолданушыларын қандай да бір мәліметті жарияламас және таратпас бұрын оның шынайылығына көз жеткізуге шақырды.

Алматының сумен жабдықтау жүйесі жеке қолға өте ме: ресми жауап

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram