jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

73 жастағы шетел азаматы тауда жоғалып кетті: іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр (видео)

іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары. Видеодан кадр: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы тауларында жоғалып кеткен Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда Корея Республикасының азаматын іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары таулы жер бедерінің күрделілігіне, зерттелетін аумақтың ауқымдылығына және биіктік айырмашылығының едәуір болуына байланысты қиындап отыр. Құтқарушылар қол жетуі қиын учаскелерде, соның ішінде шатқалдар мен тау беткейлерінде жұмыс жүргізуде", - делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ мен ПД күштері мен құралдары, сондай-ақ еріктілерден құралған барлығы 102 адам, 11 техника, 4 кинологиялық есеп, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты және ТЖМ авиациясы жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Жұмылдырылған күш-құралдар таулы аймақтың белгіленген учаскелерін тексеруде.

Іздестіру-құтқару жұмыстары ТЖМ бақылауында.

73 жастағы шетел азаматы тауда жоғалып кетті: іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram