jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматының коммуналдық қызметі нөсерге дайындалып жатыр: 70 бригада кезекшілік атқарады

жауынн
Жауын-шашын. Көрнекі фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі мегаполисте болжанып отырған нөсерге байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін ескертті, деп хабарлайды KAZNUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күннің құбылуына байланысты қаланың коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген кезекшілікке көшуде.

5 қазанға қараған түні қалада жауын-шашын жауады деп болжануда, жедел әрекет ету үшін мобильді бригадалар, арнайы техника мен мотопомпалар дайындалды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 4 қазан сағат 21:00-ден кейін аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Түн ортасынан кейін жауын-шашын қарқыны артып, түнде кей уақыттарда 15-20 мм-ге дейін қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Таңертең жауын-шашын бәсеңдеп, болжам бойынша, 5 қазан сағат 12:00-ге дейін тоқтайды. Сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетуі мүмкін.

"Су басу қаупінің алдын алу және жергілікті су басуы мүмкін жағдайды жедел жою үшін 70 мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 337 арнайы техника, 103 мотопомпа және 2,4 мың құм салынған қап дайын тұр. Жұмысқа коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің 717 маманы жұмылдырылады.

Негізгі күш су жиналу қаупі жоғары учаскелерге бағытталады. Мұндай аумақтарда ассенизаторлық машиналар кезекшілік шығады. Жол саласы жұмысшылары мотопомпалармен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жалпы тәулік бойы кезекшілікке 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмылдырылады. Бұл жұмысқа "Алматы Тазалық" МКК және жеке мердігер ұйымдар тартылған.

Болжам бойынша 6 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды.

Алматының коммуналдық қызметі нөсерге дайындалып жатыр: 70 бригада кезекшілік атқарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram