Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің біріне тосын тексеріспен барды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жақында тағайындалған Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімге тосыннан тексеру жүргізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінің ақпаратына cүйенсек, генерал-майор Айдос Мырзахметов қызметтің ұйымдастырылуымен және әскери қызметшілердің орналасу жағдайымен танысты. Тексеру кезінде казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшылығында ауыс-түйіс болды. Дәурен Қосанов қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2438291-qorganys-ministri-qazaqstandagy-askeri-bolimderding-birine-tosyn-tekserispen-bardy-video/
