jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Желіде "Ресейде оба тіркелді" деген ақпарат пен Алматыдағы өртті байланыстыруда: қазақстандықтарға ескерту жасалды

өрт
Өрт сөндірушілер. Видеодан кадр: instagram.com/almatinec_live

Ресейде оба жұқтыру дерегі тіркелген болуы мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін Қазақстанда Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығында болған өрт туралы әңгіме қайта қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына сілтеме жасап.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының Telegram-дағы арнасында Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында болған өртке қатысты желіде манипуляциялық хабарламалар таратып, қоғам назарын аудару әрекеттері тіркеліп жатқаны айтылды.

желідегі жарияланым
Желі қолданушысы. Скриншот: t.me/JAQortcomkz

Соңғы күндері желі қолданушылары осы өрт оқиғасын Ресейде оба ауруы тіркелді деген қауесетпен байланыстыруға тырысуда.

Бұл ақпаратты бұған дейін Ресей билігі ресми түрде теріске шығарған еді. Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықта аса қауіпті инфекциялар бойынша мамандандырылған зертханалардың болуы фактісінің өзі екі оқиғаның арасында жалған байланыс орнату және жағдайға қатысты қосымша алаңдаушылық туғызатын контекст қалыптастыру үшін пайдаланылуда.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды манипуляцияларға сенбеуге және таратылған ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады", - делінген хабарламада.

Желіде "Ресейде оба тіркелді" деген ақпарат пен Алматыдағы өртті байланыстыруда: қазақстандықтарға ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram