jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта ата-аналармен хабарлама алмасудан заң жүзінде босатылуы мүмкін

мұғалім
Мұғалім. Көрнекі фото: pixabay.com

Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов Ұстаздар күнінде Қазақстандағы педагогтер әлі де бетпе-бет келіп отырған мәселелер және оларды шешудегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат Telegram-дағы арнасында мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бүгінде Қазақстанда заң жүзінде бекітілген педагогтердің құқығын қорғау мәселелеріне тоқталды.

"Демалыс күні балаға қатысты бір оқиға болса, сол уақытта өз отбасымен үйінде отырған мұғалімнен түсініктеме талап етілді. Жылдар бойы бұл қалыпты жағдай саналып келді. Маусымда қабылданған жаңа заң осыны өзгертті", - дейді ол.

Одан бөлек бір құжатты бір мезгілде қағаз және электронды түрде жүргізуді талап етуге тыйым салынды. Бұл талапты бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Өзіне тән емес жұмысқа тартуға тыйым салу балабақша тәрбиешілері мен колледж педагогтеріне де қатысты.

"Ендігі міндет - осы нормалардың әр білім беру ұйымында орындалуын қамтамасыз ету. Құрылтайда осы бағытта жұмыс істейміз", - дейді депутат.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, шешілмеген мәселелер де бар. Артық жүктеме, кәсіби даму, жас мамандарды қолдау.

"Жас педагогті мектепке тартумен шектелмей, әрі қарай қолдау маңызды. Кешкі уақытта және демалыс күндері ата-аналармен мессенджерлерде хат алмасу, әлеуметтік желіге рилс пен пост жариялауды талап ету де – бөлек мәселе.

Сондықтан "Әділет" партиясының фракциясындағы әріптестерімізбен бірге заң жобасын әзірледік. Онда педагогтерді мазалайтын осы және басқа да проблемаларды шешу көзделген", - деді ол.

Сондай-ақ ол жасанды интеллектінің күнделікті жұмыстың бір бөлігін жеңілдете алатынын айтты.

Алайда, оның пікірінше, ешқандай технология баланы қолдайтын мұғалімнің орнын баса алмайды.

Мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта ата-аналармен хабарлама алмасудан заң жүзінде босатылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram