jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым: аккаунттар қалай анықталады

желі қолданушысы
Смартфон ұстаған бала. Көрнекі фото: Matt Cardy/Getty Images

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды көздейтін заң жобасының барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құрылтайдың ресми сайтында Олжас Бектеновтің балаларды әлеуметтік желілерде тіркеуді шектеу және цифрлық ортада олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы депутаттық сауалға берген жауабы жарияланды. Оның сөзінше, үкімет қолданыстағы Заңға1 он алты жасқа дейінгі пайдаланушыларды онлайн-платформаларда тіркеуді реттеуге байланысты түзетулер әзірлеген. Бұл түзетулер Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауында.

"Заңнамалық түзетулер қабылданғаннан кейін онлайн-платформаны пайдаланушылардың жасын растаудың арнайы қағидалары әзірленеді. Әзірлеу барысында онлайн-платформалардың қолданылып жүрген тетіктері, жасанды интеллект көмегімен сәйкестендіру, қаралатын контент пен пайдаланушының белсенділігі ескеріледі. Бүгінгі таңда онлайн-платформаларда тиісті технологиялық мүмкіндіктер бар", - делінген жауапта.

Бұл ретте технологиялық мүмкіндіктер жасанды интеллект құралдары – бет бейнесі арқылы жасты бағалау (Face ID-ге ұқсас бет-әлпетті тану технологиялары); қаралатын контент, жазылымдар, қауымдастықтар, аккаунттың белсенділігі және өзге де мінез-құлық белгілері негізінде жасалмақ.

Мәселен, Meta компаниясы пайдаланушының жасын тексеру үшін AgeKey жаңа жүйесін енгізуді жоспарлауда. Аталған технология биометриялық аутентификация (саусақ ізін, бет-әлпетті тану) үшін қолданылатын passkey қағидаты бойынша жұмыс істейді.

"Жаңа талаптардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аталған норманы қолданысқа енгізу үшін өтпелі кезең көзделеді. Он алты жасқа дейінгі онлайн-платформаны пайдаланушылардың қолданыстағы аккаунттарын уақытша тоқтату қаралатын болады", - делінген жауапта.

Қазақстанда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым: аккаунттар қалай анықталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram