jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда алғашқы пәтеріңді сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек

пәтер кілті
Пәтер кілті. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Егер орташа жалақының жартысын жинақтап отырсаңыз, Қазақстанда 1 бөлмелі пәтеріңізді шамамен 6 жылда сатып алуға болады. Шымкентте бұл үшін 7 жыл 9 ай қажет. Толығырақ – NUR.KZ мақаласында.

Өз қаражатына баспана сатып алуға кез келген қазақстандықтың мүмкіндігі жоқ. Көбінесе адамдар банкке жүгініп, ипотека рәсімдеуге және оны көптеген жыл бойы төлеуге мәжбүр болады.

Алайда "Крыша" порталы атап өткендей, өз баспанаңа қаражат жинау қиын болғанымен, мүмкін емес дүние емес. Мысалы егер елдегі орташа жалақының жартысын жинақтап отырсаңыз, алғашқы 1 бөлмелі пәтеріңізге 6 жылға жетер-жетпес уақытта қол жеткізе аласыз.

Қай өңірде пәтерге тезірек ақша жинауға болады

Мәселен Алматыда орташа айлық жалақының жартысы 305 186 теңгеге тең, ал "бір бөлмелі пәтердің" орташа құны – 26,5 млн теңге. Яғни шамамен 7 жыл 3 ай жинақтауға тура келеді. Бірақ қаражатты жылдық 15 пайызбен депозитте сақтасаңыз, мерзімді 5 жылға дейін қысқартуға болады.

Шымкентте бұл тәсілмен пәтерге ақша жинау ең қиыны – мұнда орташа жалақының жартысы 188 855 теңге, ал "бір бөлмелі пәтер" 17,5 млн теңге тұрады. Яғни, 7 жыл 9 ай жинақтау керек, ал депозитпен сәл тезірек – 5 жыл 2 ай.

Астанада "бір бөлмелі пәтер" орта есеппен 23,5 млн теңге тұрады, ал жалақының жартысы – 323 960 теңге. Мұндай шартпен пәтерге шамамен 6 жыл 1 ай жинақтау қажет, ал егер ақшаны депозитте сақтасаңыз, небәрі 4 жыл 4 ай уақыт кетеді.

Ақша жинап, пәтерді тез сатып алуға болатын қалалар қатарында (4 жылға дейін) Жезқазған, Ақтау және Қызылорда бар.

Қазақстанда алғашқы пәтеріңді сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram