jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қар, боран": 6 қазанда елімізде ауа райына байланысты ескерту жасалды

жапырақтағы қар
Жапырақтағы қар. Көрнекі фото: pexels.com

6 қазан, сейсенбіде еліміздің біршама өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жолдарда көктайғақ болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Қарағанды қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын, түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Астана қаласында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

"Қар, боран": 6 қазанда елімізде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram