jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қостанайда пациенттер балалар ауруханасындағы палаталар суық екенін айтып шағымданды

Палата
Аурухана палатасы. Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанайдағы балалар ауруханасының пациенттері палаталардың суық екенін айтып шағымданды – өңірлік Денсаулық сақтау басқармасы оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қостанай қалалық балалар ауруханасына жылу беруде қиындық туындады – пациенттер палаталардың суық екенін айтып, шағым білдірген.

Сонымен қатар жылудың болмауына байланысты пациенттер жылытқыш қолданған, соның салдарынан электр желісінде мәселелер туындады.

Анықталғандай, жылу жүйесінде ауа тұрып қалған.

"Жылу бар. Жылудың уақытша болмауы жүйеде ауаның тұрып қалуына байланысты болды. Ауа шығарылды. Үшінші қабатта техникалық ақау шықты, қазір ол жойылды. Қазіргі таңда сантехниктер барлық палатадағы жүйені тексеріп жатыр. Жылу беріліп тұр", - деп хабарлады Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қостанайда пациенттер балалар ауруханасындағы палаталар суық екенін айтып шағымданды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram