jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркістан облысында қашан жылу беріледі

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Биыл Түркістан облысында жылу беру маусымы 15 қазан мен 1 қараша аралығында басталмақ. Қазір өңірде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Марат Байгунусовтың айтуынша, жылу маусымының басталуы сыртқы ауа температурасына байланысты.

Яғни, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы +8°C-тан төмен болған жағдайда жылу беріле бастайды.

"Облыста жылыту маусымы 15 қазан мен 1 қараша аралығында басталады деп жоспарланып отыр. Өңірдегі дайындық жұмыстары облыстық штабтың тұрақты бақылауында", - деді ол.

Оның мәліметінше, 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына өңірдегі 1265 білім беру, 737 денсаулық сақтау, 239 мәдениет, 74 спорт, 9 жұмыспен қамту нысаны және 737 көпқабатты тұрғын үй дайындалған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жылыту маусымы қашан басталатыны белгілі болған еді.

Түркістан облысында қашан жылу беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram