jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қар, көктайғақ, үсік: 7 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жасалды

қар
Қалың қар. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, республиканың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын күтіледі. Мұнда жаңбырдың соңы қарға ұласып, жолдарда көктайғақ түседі, сондай-ақ жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Бұдан бөлек, кей облыстарда дауылды жел соғып, оның екпіні секундына 25-28 метрге дейін күшейеді. Мамандар тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының түнде және таңертең солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қарағанды қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Өскемен қаласында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Семей қаласында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Астана қаласында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қар, көктайғақ, үсік: 7 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram