jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды тапсырды: Семей билігі не дейді

Семей
Семей. Видеодан кадр: instagram.com/semey_akimdigi

Премьер-министр Олжас Бектеновтің сынынан кейін Семей әкімдігі қаланың 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Семей әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, қазіргі уақытта қаладағы барлық жылу көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 1-ЖЭО және 20 қазандық бекітілген температуралық кестеге сәйкес тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік нысандар жылумен толық қамтамасыз етілген. Тұрғын үйлер мен жеке секторды жылу жүйесіне қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.

"Қаладағы жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шаралар алдын ала қабылданған.

Жылу желілерінің жағдайы тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда негізгі міндет – жылуды тұтынушыларға белгіленген режимде тұрақты әрі сапалы жеткізуді қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Олжас Бектенов Қазақстанның 11 өңірінде жылу беру маусымы басталғанын хабарлаған еді. Үкімет басшысы жылу көздері мен желілерін 1 қазанға дейін толық дайындауды тапсырғанын атап өтті.

Абай облысынан бөлек, барлық өңір бұл тапсырманы белгіленген мерзімде орындаған. Премьер-министр тиісті үйлестірудің жоқтығы және Семейдің жылу желілері уақытылы дайын болмағаны үшін Абай облысы әкімінің осы салаға жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды тапсырды: Семей билігі не дейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram