jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Елімізде тұрғын үй кешендерін жобалау кезінде зейнеткерлерге арнайы бөлмелер қарастыру ұсынылды

аулада отырған зейнеткерлер
Аулада отырған зейнеткерлер. Көрнекі фото: pexels.com

Құрылтай отырысында депутат Қазақстанда аға буын өкілдері үшін ұзақ мерзімді күтім бағдарламасы, соның ішінде зейнеткерлердің бірімен-бірі қарым-қатынас жасауына арналған демалыс бөлмелері қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутат Арман Ақылбай заңға тұрғын үй құрылысына қатысты жаңа норма енгізуді ұсынды.

"Көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жобалау кезінде қарт адамдар демалатын, өзара пікір алмасатын және қоғамдық өмірге белсенді қатысатын жайлы орын қарастырылуға тиіс.

Бұл арнайы орынның ауданы әр пәтерге шаққанда 0,8 шаршы метр есебінен белгіленуі керек. Бұл үй-жай коммерциялық мақсатта пайдаланылмауға және кейіннен сатылмауға тиіс", - деді депутат Арман Ақылбай.

Депутаттың пікірінше, бұл үй-жайлар медициналық және әлеуметтік қызмет мамандарын қабылдауға ыңғайлы болуы қажет. Ол қарттық жасқа жеткен адам мемлекет пен қоғамның назарынан тыс қалмауға тиіс екенін айтты.

Елімізде тұрғын үй кешендерін жобалау кезінде зейнеткерлерге арнайы бөлмелер қарастыру ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram