jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылордада "Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы өтті

"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы
"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылордадағы "Достық үйінде" "Ана бренді: цифрлық дәуірдегі тәрбие коды" тақырыбында "Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Форумға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, ғалым, биотехнолог, отандық "QazVac" вакцинасының авторы Күнсұлу Закария, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, "Аналар кеңесі" ұйымының төрайымы Назипа Шанаи, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, әнші Мәдина Сәдуақасова және еліміздің барлық өңірінен келген делегаттар қатысты.

"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы
"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Форумның мақсаты – еліміздің рухани өміріндегі ананың биік мәртебесін айшықтау, ұлт тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың еңбегін дәріптеу, олардың өнегесін кеңінен насихаттау, сондай-ақ отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені нығайту.

"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы
"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы өз сөзінде үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған республикалық форумға қатысушыларға шақыртуды қабыл алғаны үшін ризашылық білдірді.

"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы
"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей: "Анаға деген құрмет – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан асыл құндылықтарының бірі. Отбасы – ұлттың түпқазығы, ал ана – сол шаңырақтың шайқалмас тірегі".

Қаламыздағы аналардың құрметіне арналып салынған "Анаға тағзым", жас отбасылардың бақыт мекеніне айналған "Отбасы орталықтары" ел игілігіне қызмет етуде. Бұл ғимараттар арулар мен аналардың, жас отбасылардың құтты шаңырағына айналды.

Бүгінде уақыт өзгерді. Цифрлық технологиялар қарыштап дамып, жасанды интеллект дәуірі келіп жетті. Ақпарат ағыны еселеп артты. Президентіміз айтқандай, бұл жаһандық өзгерістер жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа міндеттер де жүктейді.

Осындай кезеңде қоғам мен отбасындағы ананың рөлі бұрынғыдан да маңызды әрі жауапты бола түсті. Цифрлық дәуірде ұрпаққа заман талабына сай білім мен тәрбиені қатар беру – басты міндетіміз", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы
"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінгі заман аналары тек тәрбие беруші ғана емес, баланың цифрлық әлемдегі санасын қалыптастыруды, түрлі ақпаратты екшеп, жалған мен шынайының арасын ажыратуды, дұрыс бағыт беруді уақыт талап етіп отыр.

"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы. Фото
"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондықтан басқосуда цифрлық дәуірдегі тәрбиенің ерекшеліктеріне, ананың қоғамдағы жаңа миссиясын айқындауға баса назар аударылды.

"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы
"Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Форумда сөз алған қатысушылар дәстүр сабақтастығы мен ұрпақтың бағдары, еліміздегі әйел ғалымдардың орны, қоғамдағы ана мен баланың жайы, талантты таныту, тұлғаны қалыптастырудағы ананың рөлі, отбасы құндылықтары, қолдау және жаңа бастамалар, ана саулығы тақырыптарында ойларын ортаға салды.

Қызылордада "Анаға тағзым" ІІІ республикалық форумы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram