jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

60 жастағы әйел үш жылдан бері Қордайдағы ауруханада жатыр: оны осы уақытқа дейін ешкім іздеп келмеген

аурухана
Ауруханада жатқан әйел. Көрнекі фото: pexels.com

Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр. Ауыр дертке шалдыққан оның туысы табылмаған. Ал дәрігерлер денсаулығы сыр берген кісіні ауруханадан шығарып жіберуге дәті бармаған. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлады.

Жамбыл облысында ауруханада жылдар бойы жатқан науқастың туыстары табылмай жатыр. Жеке басы мен мекен жайы анықталмаған 60 жастағы әже бірнеше жылдан бері Қордай аудандық ауруханасында жатыр. Ал өңірдегі бейімдеу орталықтары құжаты жоқ қартты қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатерлі ісік ауруына шалдыққан кейуананы үш жылдан бері іздеп келген жан болмағанын айтады. Ал аурухана қызметкерлері өз бетімен жүре алмайтын науқасты ауруханадан шығарып жіберуге батылы жетпеген.

Қазір мұқтаж жан дәрігерлердің бақылауына алынған. Тіліне ептеп келе бастаған ол бұған дейін шаруа қожалығында мал баққанын айтқан. Телеарна дерегінше, денсаулығы сыр берген соң қараусыз қалған әйелді біреулер аурухана алдына әкеліп тастаған болуы мүмкін.

"Науқастың туыстары мен жеке мәліметін табу мүмкін болмады. Еліміздегі ақпарат жүйесінен де ештеңе табылмады.

Қазір науқасқа хирургия бөлімінде қажет ем-шарасы, күнделікті күтімі көрсетіліп жатыр. Оның жағдайы ауыр болғандықтан, біз оны ауруханадан шығарып жібере алмаймыз", - деді Қордай ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Назгүл Тобышақова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

60 жастағы әйел үш жылдан бері Қордайдағы ауруханада жатыр: оны осы уақытқа дейін ешкім іздеп келмеген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram