jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қар, боран, дауыл": 8 қазанда елімізде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қызыл қолшатыр ұстаған адам. Фото
Қызыл қолшатыр ұстаған адам. Фото: stevanovicigor/Getty Image

Ертең, 8 қазанда Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың таулы аудандарында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 8 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с, тіпті 30 м/с және одан аса болады деп күтіледі. Семейде 8 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде 8 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 8 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 8 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 8 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 8 қазанда батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Астанада 8 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Павлодарда 8 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 8 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 8 қазанда жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүретіні де болжанады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

"Қар, боран, дауыл": 8 қазанда елімізде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram