Елорда мектебіндегі киім ілетін жерде болған кептеліс: мектеп директоры қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана мектептерінің бірінде киім ілетін жерде оқушылар бірін-бірі таптап кете жаздаған сәті видеоға түсіп қалған – оқиғаға қатысты елорда әкімдігінің білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мектепте түсірілген кадрлар Telegram-дағы Astanovka_98 арнасында жарияланды.
"Оқушылардың айтуынша, олар жарақат алыпты-мыс, кейбірі есінен танып, құлаған" - делінген видео сипаттамасында.
Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Мектепте екінші ауысымның сабақ кестесін ұйымдастыруда сәйкессіздік болып, соған байланысты жеті сыныптың оқушылары сабақ аяқталғаннан кейін бір уақытта шыққан. Нәтижесінде сырт киім ілетін аймақта оқушылар қысқа мерзімді кептелісте тұрып қалды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Басқарма атап өткендей, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу нәтижесінде оқушының есінен танып құлағаны туралы ақпарат расталмады.
"Мектепте сырт киім ілетін аймақта қызметкерлер бақылауды және кезекшілікті күшейтті. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданды", - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Сондай-ақ оқиғаға байланысты мектеп директоры атқарып отырған қызметінен босатылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2439863-elorda-mektebindegi-kiim-iletin-zherde-bolgan-keptelis-mektep-direktory-qyzmetinen-bosatyldy/