Қазақстанда 69 жылдан бергі ең жылы қыркүйек тіркелді
Жарияланған күні:
Читать на русском
2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда температуралық рекорд орнады. Ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 2,38 градусқа жоғарылап, бақылау жүргізілген барлық кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш жаңартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 2026 жылғы қыркүйек Қазақстандағы метеорологиялық бақылау тарихындағы ең жылы ай болды. Осыған дейінгі орташа айлық температура рекорды 1957 жылдың қыркүйегінен бері сақталып келген еді.
Қыркүйек айында Қазақстанның бүкіл аумағында орташа айлық температураның климаттық нормадан оң ауытқуы байқалған. Республиканың басым бөлігінде орташа температура климаттық нормадан 1,5-3 градусқа жоғары болған.
"Ең жоғары оң ауытқулар – 3,0-4,1°C негізінен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе облысы мен Ұлытау облыстарының орталық бөліктерінде, Қарағанды облысының солтүстік аудандарында және Абай облысында байқалды", - делінген хабарламада.
Ауаның орташа айлық температурасының ең жоғары оң ауытқуы 4,1°C болған. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл метеорологиялық станциясында тіркелген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2440424-69-zhyl-buryngy-rekord-buzyldy-qazaqstanda-2026-zhylgy-qyrkuiek-baqylau-tarihyndagy-eng-zhyly-qyrkuiek-boldy/