jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астана аспанында әскери авиацияның ұшу жаттығулары өтеді: бұл немен байланысты

Аспандағы ұшақтар
Аспандағы ұшақтар. Фото: NurPhoto/Getty Images

Астанада халықаралық саяси іс-шараларға дайындық жүріп жатыр. Осыған байланысты елордада көлік қозғалысы уақытша шектеліп, әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, Астанада 10-14 қазан аралығында көшелердің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл бірқатар халықаралық саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты.

"Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.

Сонымен қатар 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға кезінде өткізілетін қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада

Астана аспанында әскери авиацияның ұшу жаттығулары өтеді: бұл немен байланысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram