jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстандықтар Оманның тағы бір қаласына тікелей рейспен ұша алады

ұшақ салоны
Ұшақ салоны. Иллюстрациялық фото: Alrphoto/Getty Images

Air Astana қазан айының соңынан бастап Алматы мен Астанадан Оманның Салала қаласына ұша бастайды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Комитеттің мәліметінше, Air Astana Оманға екі жаңа бағыт ашады.

Әуекомпаниясы 23 қазаннан бастап Алматы – Салала бағыты бойынша аптасына бір рет (жұма күндері), ал 24 қазаннан бастап Астана – Салала бағыты бойынша аптасына бір рет (сенбі күндері) тұрақты рейстерді орындайды.

Екі бағыт бойынша да жолаушылар Airbus A320 ұшақтарымен тасымалданады.

"Қазіргі уақытта Оманға Алматы – Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы рейстер орындайды.

Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар Оманның тағы бір қаласына тікелей рейспен ұша алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram