jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Астана тұрғындарына жуырда 86 500 теңгеге дейінгі сомада көмек беріледі: тізімге кім енді

Ақша ұстаған адам қолы
Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

Астанада Мүгедектігі бар адамдар күніне орай тұрғындарға 21 мыңнан 86 мың теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астана қаласында тіркелген мүгедектігі бар адамдарға Мүгедектігі бар адамдар күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.

Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл бұл күн 11 қазанға сәйкес келіп отыр.

Төлем мөлшері мүгедектік тобына байланысты 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін болады.

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 20 АЕК (86 500 теңге); екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға – 10 АЕК (43 250 теңге); үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 5 АЕК (21 625 теңге).

Көмек алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Төлемдер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының деректері негізінде автоматты түрде тағайындалады.

"Егер адам жақында тұрғылықты жерін ауыстырса, мүгедектік бойынша жәрдемақы алушының ісі жаңа тұрғылықты жері бойынша Астанаға ауыстырылғанын тексеру қажет.

Ережеге сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек күнтізбелік жыл ішінде бір рет қана және бір негіз бойынша тағайындалады", – деп қосты әкімдікте.

Осылайша, егер адам күнтізбелік жыл ішінде басқа негіз бойынша осындай әлеуметтік көмекті алып үлгерсе, Мүгедектігі бар адамдар күніне орай қайта төлем жасалмайды.

Астана тұрғындарына жуырда 86 500 теңгеге дейінгі сомада көмек беріледі: тізімге кім енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram