jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда бойкотқа ұшырамас үшін не істеу керек: жедел тест іске қосылды

желі қолданушысы
Смартфон ұстаған бала. Көрнекі фото: Matt Cardy/Getty Images

Қазақстанда отандық медиа кеңістіктің ерекшеліктері мен триггерлеріне бейімделген "Қазақстанда брендіңізден қаншалықты тез бас тартады?" деп аталатын қауіптер мен тәуекелдерді бағалауға арналған экспресс-тест жарық көрді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат көз ілеспес жылдамдықпен тарап жатқан дәуірде креатив пен репутациялық қатердің ара-жігін айыру күрделене түсті: кеше ғана батыл болып көрінген қадам бүгін бренд үшін “канселлингпен” аяқталуы мүмкін. «Пиархаб Орталық Азия» командасы компаниялар мен олардың мамандарына арналған жедел-тестті іске қосты. Бұл тест мамандар дағдарысқа қарсы шешім қабылдау қабілетін тексеруге көмектесу іске қосылған және аудиторияның “ред флаг” деп қабылдайтын қауіпті тәуекелдерді бір тестке біріктірді.

Интерактивті тест "шағын репутациялық аудит" түрінде жасалған әрі маркетологтарға, кәсіпкерлерге, пиар мамандары мен бренд-менеджерлерге пайдалы болуы мүмкін. Тест қазақстандық бизнес пен медиа кеңістіктегі шынайы жағдайларға негізделе отырып құрастырылды: инфлюенсер таңдаудағы сәтсіздіктер, образдарды дұрыс таңдамау, қоғамда резонанс тудырған оқиғалар аясындағы орынсыз маркетинг және дағдарыс кезіндегі қате әрекеттер.

Тест қатысушыға қиын сәтте басқару немесе коммуникация тұрғысынан дұрыс шешім қабылдауды ұсынады және жасалған қадамды Қаақстан аудиториясы қалай қабылдауы мүмкін екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Тест қорытындысы бойынша қатысушылар өз брендінің дағдарыстарға қаншалықты төзімді екенін анықтайды, сондай-ақ дағдарысқа қарсы PR-дың негізгі ережелері жүйеленген әдістемелік құралды ала алады. Онда тәуекелдерді алдын ала бақылаудан бастап, көпшіліктен дұрыс кешірім сұрау алгоритмі мен негативпен жұмыс істеу жолдары қамтылған. Тесттен мына сілтеме арқылы өтіп, әдістемені жүктеп алуға болады.

Қазақстанда бойкотқа ұшырамас үшін не істеу керек: жедел тест іске қосылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram