jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Дәстүрге айналып барады": Астана прокуратурасы тұрғындарға үндеу жасады

Отшашу.
Отшашу. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Астана прокуратурасы кейінгі уақытта жиілеп кеткен шулы құттықтауларға қатысты пікір білдіріп, тұрғындарды өзгенің тыныштығын құрметтеуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордалық прокуратура бұл мәселе бойынша қатаң ұстаным қалыптасқанын атап өтті.

"Соңғы уақытта тұрғын үйлердің маңында түнгі уақытта қатты музыкамен отшашу атып, туған күн иелерін құттықтау дәстүрге айналып барады. Бұл автокөлік дабылдарының жаппай іске қосылуына әкеліп, тұрғындардың орынды наразылығын тудырады.

Елорда прокуратурасы осы мәселе бойынша қағидатты ұстаным қалыптастырып, құқық бұзушыларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауаптылыққа тарту тәжірибесін енгізді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазірдің өзінде 26 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 19-ы 10 тәулікке дейін қамауға алынса, 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған 6 әйелге және кәмелетке толмағанға 1 тұрғынға айыппұл салынған.

"Түнгі уақытта, адамдар арасында, тұрғын үйлердің немесе автокөліктердің маңында пиротехниканы іске қосу адамдардың өміріне, өрт қауіпсіздігіне, денсаулығына және мүлкіне тікелей қауіп төндіреді.

Елорда прокуратурасы азаматтарды өзгенің тыныштығын құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады", - деп үндеу жасады прокурорлар.

"Дәстүрге айналып барады": Астана прокуратурасы тұрғындарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram